KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
506.43 522.43 5.28

ШҚО-да праймеризге қатысушылар арасында пікірсайыс басталды

16.09.2020, 09:02 128

Шығыс Қазақстан облысында  өткен ашық пікірсайысқа 50-ден астам үміткер қатысып, қоғамның әр саласындағы өзекті мәселелерді көтерді.

Сондай пікірсайыстардың бірі Өскемен қаласында да өтті. Онда қатысушылар  ауылдық елді мекендердегі нақты мәселелерді сөз етті.

«Пікірсайыстың бірінші кезеңінде қатысушылар өз бағдарламаларын таныстырса, екінші кезеңінде сұрақтарға жауап береді. Спикерлерге дебатты онлайн тамашалап отырған көрермендер сауалдарын әлеуметтік желі арқылы қоюуға мүмкіндік алды» -деген "Nur Otan" партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Олег Чугунков облыс орталығында өткен пікірсайысқа  арнайы қатысып үміткерлерге  сәттілік тіледі.

Өткір мәселелер талқыланған ашық пікірсайыстар  30 қыркүйекке дейін жалғасатын болады.

Қатысушылардың бірі Дархан Абулханов ауылдық  жерлерде тұратын халықты таза сапалы ауыз сумен толықтай қамтамасыз ету, жол мәселесі, білім саласындағы түйткілдер, Денсаулық саласындағы кезек күттірмей шешуді қажет ететін сұрақтар осының бәрін өз бағдарламамның басым бағыттары етіп алып отырғанын айтты. 

Ад Өскемен қаласынан праймеризге қатысушы үміткер Әскерхан Хуанбай қандастарға қатысты мәселелер аз емес, азаматтық алудағы түрлі қиындыққтар, баспанамен қамту, ортаға бейімдеу жұмыстарын жүргізу сынды мәселелерді алға тартты. 

«Еліміз егемендік алған күннен бастап өзге елдегі қандастарымыз Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен  «Нұрлы көш»  бағдарламасы арқылы  атамекенге оралуға мүмкіндік алды. Бүгінгі күнге дейін миллиондаған бауырларымыз Отанына келіп табысты қызмет етуде. Мемлекет тарапынан қолдауларда жоқ емес. Десе де қандастарға қатысты мәселелер аз емес, азаматтық алудағы түрлі қиындыққтар, баспанамен қамту, ортаға бейімдеу жұмыстарын жүргізу сынды мәселелер шешуді қажет етеді»- деді Әскерхан Хуанбай. 

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу