Алтайда "7 жастағы баланы өлтірді" деген күдікті екі айға қамауға алынды
Алтай ауданының тергеу соты екі айға "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын санкциялады, деп хабарлайды ШҚО прокуратурасы.
Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК 99 - бабы, 3-бөлігі (жас адамды өлтіру) бойынша жүргізілуде. Қамауға алу мерзімі 30 қазанда аяқталады.
30 тамыз күні Шығыс Қазақстанда 7 жастағы Эдуард есімді баланың жоғалуына байланысты ата-анасы іздеу салып, өздері таба алмаған соң полицияның көмегіне жүгінген болатын. Олардың айтуынша, бала әдеттегідей ойын ойнап, велосипед тебу үшін аулаға шыққан. Өкінішке қарай, жоғалған жеткіншек сол күні кешке тау бөктерінде өлі күйінде табылған.
Тұрғындар соңғы рет баламен бірге көрген Зубовск ауылының 20 жастағы тұрғынын көрген. Күдікті ұсталып, өз кінәсін мойындады.