KZ
Өскемен
-6°
ясно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

Облыста оқушыларды компьютерлермен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда

10.09.2020, 04:00 169

ШҚО-да 22 476 баланың үйінде компьютерлік техника тапшы. Оның ішінде қашықтықтан білім алып жатқан 16 904 оқушы мектеп компьютерлерімен қамтамасыз етілді. Қалған 5 712 бала штаттық режимде білім алуда. Бұл туралы ШҚО ақпараттық орталығында өткен тікелей эфир барысында білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділова мәлім етті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Тікелей эфир барысында басқарма басшысы аудандық және қалалық білім бөлімдерінің қаржыландыруы арқылы 2 572 бірлік компьютерлік техника сатып алынғанын атап өтті. Сондай-ақ, ҚР Үкіметінің қорынан бөлінген қаражат есебінен 26 509 компьютер алынды. Оған 4,1 млрд. теңге бөлінді.

- ​Мемлекеттік сатып алуды әділ ұйымдастыру  және компьютерлік техникаларды бөлу мақсатында «Adaldyq alańy» жобалық кеңсесі төрағасының жетекшілігімен, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, облыстық маслихаттың хатшысы, қоғам өкілдері, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармаларының, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі жергілікті қоғамдық ұйымдардың, сондай-ақ қамқоршылық кеңесінің, ата-аналар қоғамдастығының, жастар ұйымдарының жетекшілерінен жұмыс тобы құрылып, жеткізуші анықталды. Қазіргі таңда компьютерлік техникаларды жеткізу  жұмыстары басталып кетті. Осы бағыттағы жұмыс 15 қыркүйекке дейін аяқталатын болады, - деді Сайрангүл Жұмаділова.

Сонымен қатар, жұмыс тобы компьютерлік техниканы бөлу мониторингін жүзеге асырады. Бірінші кезекте халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын: аз қамтылған, көп балалы, ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балалар және оқу озаттары қамтамасыз етіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив