KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
478.54 533.76 5.17

Оқушыларға берілетін компьютерлердің саны мен сапасын ата-аналар да тексере алады – ШҚО

8.10.2020, 13:09 152

ШҚО-да оқу процесін ұйымдастыру үшін компьютерлік техниканы сатып алудың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Еске салайық, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мақсатында биыл ШҚО-ға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві есебінен 4 млрд 105 млн 381 мың теңге бөлінді.

Осыған байланысты ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Әсел Қаербекова "Шығыс – адалдық алаңы" жобалық кеңсесімен, Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бірінші орынбасары Жігер Еркінбекұлы Байділдинмен бірлесіп 2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві есебінен компьютерлік техниканы сатып алу мәселелері бойынша брифинг өткізді.

- ҚР Үкіметі резервінің қаражаты есебінен компьютерлік техниканы сатып алу "Шығыс – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің, жергілікті атқарушы органдардың, ата-аналар қоғамдастығының өкілдері, депутаттар, тәуелсіз байқаушылар кірген жұмыс тобының қатысуымен ашық өткізілді. Жұмыс тобы отырыстарының хаттамалары негізінде білім басқармасы "XFinity Soluction" ЖШС-мен барлығы 26 689 бірлік техника, оның ішінде 20 176 мың ноутбук, 2759 компьютер, 3754 планшет сатып алуға шарт жасасты, - дейді ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Әсел Қанатқызы.

Компьютерлік техниканың бағасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған бағалар шегінде құрады:

компьютерлер – бірлік үшін 168 500 теңге;

планшеттер-бірлік үшін 81 500 теңге;

Ноутбуктер-бірлік үшін 160 000 теңге.

Аудандық және қалалық білім бөлімдері техникалық құралдарға мұқтаж балалардың, мұғалімдердің тізімін жасады, басымдылыққа әлеуметтік осал топтардың балалары кірді.

- Бүгінде компьютерлік техниканың кезекті партиясы келді, ол техникалық ерекшелікке сәйкестігі, зақымданудың бар-жоғы тексерілді. Қыркүйек айында 3000 ноутбук көлемінде тауардың алғашқы партиясы алынды және таратылды, - дейді Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің бірінші орынбасары Жігер Байділдин.

Бұл компьютерлер балалар мен мұғалімдерге уақытша пайдалануға, келісім-шарт негізінде берілгенін атап өткен жөн. Қашықтықтан оқыту кезеңі аяқталғаннан кейін құрылғылар мектептердің теңгеріміне қайта берілетін болады.

- Қазір бізде 3754 дана планшет, 880 компьютер толық көлемде беруге дайын. Күні бойы біз 1879 дана компьютерлердің қалған бөлігін және аптаның соңына дейін ноутбуктердің қалған бөлігін жеткізуді күтеміз, - деп атап өтті облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Әсел Қаербекова.

Айта кетейік, 2020-2021 оқу жылының басында 647 мемлекеттік мектептің 271-і қашықтықтан оқыту форматына көшті. Барлық мектептер цифрлық білім беру платформаларымен қамтамасыз етілген (Оnline mektep.kz, Daryn.online.kz, Edupage.kz). Штаттық режимде 373 мектеп білім алуда. Оқыту санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып жүргізіледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив