Алтай ауданында келбеті ескірген "Ақтан" мешіті жөнделіп жатыр
![](/kz/uploads/posts/iblock/23e/23ee5382171cc302f82743ec18afd5cc.jpg)
Шығыс Қазақстан облысы, Алтай ауданының «Ақтан» мешітіне жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Аталған ғимарат көп жылдар бойы жөндеу көрмей сырты ескіре бастаған болатын.
Осы мәселені қолға алған аудан бас имамының бастамасымен мешіт сыртын кірпішпен қаптау және жөндеу шаралары басталып та кетті.
«Бұл мешіттің Алтай қаласының тұрғындары үшін орны бөлек. Мешіттің сырты желмен жаңбырға шыдас беретін берік және әсем болуы керек. Келуші халыққа да барынша жағдай жасалу тиіс. Біз мешітті жыл сайын жөндеп, сырт-ішін таза ұстап келеміз» дейді, «Ақтан» мешітінің бас имамы Мирас Көкебаев.
Ол сонымен қатар карантин кезін тиімді пайдаланып, мешітті жөндеп алудың маңызды екендігін айтып, құрылыс барысын айтып өтті. Жөндеу жұмыстары кешікпей аяқталады деп отыр.