Жолаушылар үшін демалыс орны абаттандырылды - Жарма
Енді жолаушылар кіре берісте тынығып, ары қарай сапарларын жалғастыра бере алады.
Жарма ауданы Қалбатау ауылына кіре беріс бөлігіндегі жолаушыларға арналған демалыс орны абаттандырылды.
Бұл туралы аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Демалыс орнына арнайы қазақтың ұлттық аспаптары қойылған.
- Қалбатау – Майқапшағай жол бөлігіде бүгінде күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Аудан орталығымен түйісетін қиылысында жол айырық бой көтеріп, жобаға сәйкес ауылдың кіре беріс бөлігіне жолаушылардың демалыс орны салынған болатын. Біздің тарапымыздан жасалған ұсынысымызды ескерген мердігер «Казгерстрой» ЖШС осы орынды көріктендіру жұмыстарын жүзеге асырып отыр. Яғни, демалыс орны ерекше мәнге ие ұлттық нақыштағы бірнеше мүсіндермен абаттандырылды. Осылайша аудан орталығының тағы бір халықаралық жол бөлігіндегі табалдырығы жаңа кейіпке ие болды, - дейді Ахметқали Нұрғожин.