KZ
Өскемен
-13°
плотный туман Штиль
498.55 524.28 4.75

Қалбатауға кіреберісте ұлттық нақыштағы мүсіндер қойылды

18.08.2020, 20:49 323

Бүгінде Қалбатау – Майқапшағай тас жолының жол бөлігіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қалбатау ауылына кіреберісте демалыс орыны салынып, ұлттық нақыштағы мүсіндер қойылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин мәлімдеді.

- Аудан орталығымен түйісетін қиылысында жол айырылық бой көтеріп, жобаға сәйкес ауылдың кіре беріс бөлігіне жолаушылардың демалыс орыны салынған болатын. Біздің тарапымыздан жасалған ұсынысымызды ескерген мердігер «Казгерстрой» ЖШС осы орынды көріктендіру жұмыстарын жүзеге асырып отыр, - дейді аудан басшысы.

Демалыс орыны ерекше мәнге ие ұлттық нақыштағы бірнеше мүсіндермен абаттандырылып,  жаңа кейіпке енді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу