KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Алтай қаласының көшелеріне «көк шөп» мүсіндер қойылады

12.08.2020, 04:52 261

Алтай қаласының көшелеріне жасанды көгал-шөптен жасалған топиарлық мүсіндер қойылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Біраз уақыт бұрын Алтайдағы Горький және Каюпов көшелерінің қиылысындағы жаңа алаңға дәл осындай топиарлық композиция әдісімен «АЛТАЙ» деп жазылған болатын. Қала тұрғындары мен қонақтары әсем конструкцияның жанына жарыса суретке түсіп жатқаны туралы да жаздық.

Енді жуық арада жасанды көк шөп, яғни ландшафтық дизайн үлгісіндегі тағы бір композиция көпшіліктің көзайымына айналмақ. Ол – «Жігіт пен қыз». Биіктігі екі метрден астам қос мүсін қалалық стадионның жанына қойылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив