Риддер тұрғыны өзенге батып бара жатқан адамды құтқарып қалды
![](/kz/uploads/posts/iblock/7fe/7fe9fff87f6c245a59377bdde9447e25.jpg)
19 шілде күні таңертең Көкпекті ауданының Сарыбел ауылында демалып жатқан Риддер тұрғыны Евгений Абросимов балық аулауға аттанған.
Өзенге барысымен, жергілікті су қоймасының жағасында әлдебір ер адамның тыныс қозғалмай, су бетінде қалқып жатқанын байқады. Оны көре сала, Евгений көмекке жүгірген. .
- Судан алып шықтым, бірақ ес-түссіз болды. Шынымды айтсам, мен жәбірленушінің жүзін көргенде қорқып қалдым, - дейді Евгений Абросимов. – Өзім жұмыс істейтін "Қазцинкте" үйреткендей, алғашқы медициналық көмек көрсетуді бірден есіме алып, іске асыра бастадым. Бірден жағын ашып, тілін босатты, өйткені тілі тістерінің арасына қысылып қалыпты. Жанама жүрек массажын жасадым. 1-2 минуттан кейін ауыз бен мұрыннан су ақты. Мен жан сақтау әрекеттерін жалғастыру керек екенін түсіндім. Бір мезетте ер адам жөтеліп, дем ала бастады Біраз уақыттан кейін ол сөйлей алды. Осылайша бәрі жақсы екеніне көз жеткіздім. Жедел жәрдем немесе құтқарушыларды шақырмадық, себебі жағдайы қалыпты еді. Иә, мен бұл оқиға туралы ешкімге тыс жармадым. Бұл жерде мақтанатын түк жоқ, суға батып бара жатқан адамға барлығы көмекке баратынына сенімдімін…
Құтқарылған ер адам Жақсылық Мұхамеджанов есімді ШҚО тұрғыны. Ол Евгенийге өмірін арашалап қалғаны үшін алғысы шексіз.
- Таңертең өзенге шомылуға барған едім, - деп еске алады Жақсылық. - Мен жүзе алмаймын, сондықтан суға терең бойламауға тырысамын. Жағалаудан алыс емес жерде су астында жартас болды, соған сүрініп кеттім. Сол кезде суды жұтып, есімді жоғалттым. Көзімді ашсам, жағалауда жатырмын. Менде мұндай жағдай болуы мүмкін деп ешқашан ойламаппын! Евгенийдің жанқиярлығының арқасында тірі қалдым. Бұл үшін оған көп рахмет!