Тарғынның жастары бұлақтардың көзін ашып жүр
![](/kz/uploads/posts/iblock/4c8/4c8a41d25389c53e3241d001f90d1fed.jpeg)
Ұлан ауданының Тарғын аулының жастары игі істердің бастамасын қолға алды. Көпбалалы аналарға, аз қамтылған отбасыларға, көмек қажет ететін жандарға қол ұшын созуда, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жуықта топ мүшелері ауылдағы жастарға қолдау көрсету мақсатында қолдау көрсету мақсатында көкпаршыларға арнайы форма тіктіріп берді.
Сондай-ақ, «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген ұранмен ауыл жастары жиналып, экспедиция құрып отыр. Олар жайлау басына барып, Тарғын өзенінің бастамасында тұрған бастаулардың көзін ашуда.
Әр бастау басына номерленген арнайы белгі қойылған. Жыл көлемінде бастаулардың күтіміне де өз мойындарына алмақшы.