KZ
Өскемен
-31°
плотный туман Штиль
515.31 533.96 5.3

Қашан той жасауға болады? ШҚО бас санитарының жауабы

22.05.2020, 09:11 166

Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Марат Исмаилов «қашан той жасауға болады?» деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Маманның айтуынша, шектеу шаралары жеңілдетілсе, вирус қаупі сейіледі деген сөз жоқ. Сондықтан карантин режимі аяқталса да, санитарлық талаптар сақталуы тиіс. Бұл ретте қаулыда көрсетілгендей ірі масштабты бұқаралық немесе ойын-сауықтық шаралар өткізілмейді. Ал жоғарыдағы сұраққа өңірдің бас санитарлық дәрігері  былай жауап берді:

«Қоғамдық тамақтану орындарында бір сәтте 30 адамнан артық жиналуға болмайды. Бір нәрсені анықтап алайық:  Бұл – 30 орындық нысандар ғана жұмыс істейді деген сөз емес. Мәселен бұрыннан 70-80 адам қабылдайтын нысандар (ресторандар, кафелер, тойханалар ред.) үстел санын азайтып, 30 адамға шақталса құба-құп. Бұл қайта қауіпсіздеу болмақ, өйткені ол жерде әлеуметтік арақашықтық сақтауға әлдеқайда жеткілікті кеңістік бар».

Марат Исмаиловтың айтуынша, шектеу шараларын реттеудің тағы бір кезеңі бар. Яғни 1 маусымнан кейін эпидемиялық жағдайға қарай шектеулер тағы да қаралатын болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу