Аягөзде көпбалалы отбасыларға компьютерлер табысталды
Аягөз ауданында көпбалалы отбасыларға 10 компьютер табысталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Компьютерлерді әкімдіктің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде көпбалалы аналарға аудан басшысы Ділдәбек Оразбаевтың өзі табыстап отыр.
Бұл компьютерлер аталмыш бөлімнің есебінен шығып, қайта қалыпқа келтірілген техника екен. Оларды көпбалалы отбасылардың таратып, пайдаларына жаратсын деген шешім қабылданған.
Оқыту құралы ретінде ұсынылған компьютерлерге керекті бағдарламалар енгізіліп, жасөспірім оқушылардың заман талабына сай білім алуына мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз