KZ
Өскемен
-17°
плотный туман жел 1 м/с, З
523.86 544.34 5.11

ШҚО-да «Мәңгілік полк» шерудің орнына онлайн-акция өткізіледі

8.05.2020, 19:31 143

ШҚО-да Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шаралар уақытша ғана тоқтатылған. «Мәңгілік полк» шерудің орнына онлайн-акция өткізу ұсынылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы Ардагерлер Кеңесінің төрағасы мәлім етті.

- Облыс әкімі осыдан бес ай бұрын Жеңістің 75 жылдығына дайындықты бастауды тапсырған болатын. Бірақ іс-шараларды уақытша тоқтатуға тура келді, Карантин аяқталған соң, барлық іс-шаралар қайта жалғасады, - дейді Айтқазы Шерубаев.

Ардагерлер кеңесі төрағасының айтуынша, ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне облыстық бюджеттен 900 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген. Оларлың 80 пайызы төлемдерді алып қойды. Қалғандарына 9 мамырға дейін төленеді екен.

Айта кетсек, Жеңістің 75 жылдығына орай Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерге 600 000 теңге; марапатталған тыл еңбеккерлеріне – 100 000 теңге, марапатталмағандарға – 42 500 теңге көлемінде төлемақы беру туралы шешім қабылданған еді.

Сонымен қатар, биыл Стрелка ауданындағы Даңқ мемориалы қалпына келтірілмек. Бұл мақсаттарға 32 миллион теңге қаражат бөлініп отыр. Мемориалға сұр граниттен жаңа панель жасалады. Әріптер тазартылып, тегістеледі. Жаңа жарықтандыру орнатылады. Стела мен Мәңгілік алаудың табақшасындағы Георгий лентасы мыс түстес етіп боялады. Негізгі жұмыстар Жеңіс күніне дейін аяқталуға тиіс.

Карантиннің салдарынан осы жылы . «Мәңгілік полк» шеруі өткізілмейді. Оның орнына ШҚО тұрғындары майданда болған ата-әжелерінің фотосуреттерін терезеге қойып, 9 мамыр күні сағат 21.00-де шам шағуды ұсынып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу