ШҚО-да полиция қызметкері бір өзі өрт сөндірді
Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкері бір өзі өртті өшірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
22 сәуір күні Поперечное ауылында шаруашылық құрылыстарының бірінде өрт шыққан. Осы сәтте көмекке келген полиция капитаны Мейірім Әзтаев құтқарушыларды күтпестен, өртті сөндіруге кірісіп кеткен.
– Мейірім Әзтаев дереу құдыққа шланг тартып, насос байлап, өртті сөндіруге кірісті. Әне-міне дегенше, өрт тып-типыл өшті, – дейді ауыл тұрғыны Малика Жамалханова.
Осылайша тәртіп сақшысы өртті ауыздықтап, қатарласып тұрған үй мен қора-қопсының өртенуіне жол бермеді.
Оқи отырыңыз