KZ
Өскемен
-19°
туман жел 1 м/с, СБ
515.97 537.8 5.25

Түркістан облысындағы тағы бір ауылды су басты

3.05.2020, 07:17 134

Мақтаарал ауданында тағы бір ауылды су басты.

Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметінің хабарлауынша, 3 мамыр күнгі таңғы 05.00-ден бастап, 250 үйі суға батқан Фердоуси ауылы бағытынан Жаңажол ауылдық округінің «Өргебас» елдімекеніне қарай су келе бастады. Екі ауылдың ара қашықтығы - 3 шақырым.

Таңғы 08.00-де «Өргебас» елдімекенінің 194 үйі су астында қалды. Тұрғындардың барлығы (1451 тұрғын) эвакуацияланды. Көшіру барысында зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетейік, кеше Өзбекстан республикасында Сардоба су дамбасы жарылып, шекарадағы Қазақстан ауылдарына да қауіп төндірген. Кеше 4 елді мекеннен 5400 адам эвакуацияланған. Тұрғындардың біразы туыс-туғанына кетсе, үш мыңға жуығы Мақтаарал ауданы, Атакент кентіндегі 10 мектепке бөліп орналастырылды. Азық-түлік, ыстық тамақпен толық қамтамасыз етілді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу