ШҚО-да автокөлік жолы опырылып кетті
![](/kz/uploads/posts/iblock/ae4/ae4d5c977b93b9fcb5d5c822f54d83ee.jpg)
Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында автокөлік жолының асфальті опырылып, төмен түсіп кетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
- Алғабас-Тарғын көлік жолының 16 шақырымында асфальттің жиегі опырылып кетті. Бұл бетон су өткізгіш құбырдың отырып, тозып кеткенінің салдарынан болды, – деп жазды Ұлан ауданының әкімі Нұрымбет Сақтағанов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.
Аудан басшысының айтуынша, жол учаскесі дереу қоршауға алынып, арнайы техника келіп, жолды жөндеген.
- Ешқандай апатты жағдай болған жоқ. Аталмыш жолда «ОблШығысЖол» компаниясы қызмет көрсететінін атап өткім келеді, – деп жазды аудан әкімі.