KZ
Өскемен
-16°
небольшая облачность жел 1 м/с, В
498.34 519.72 4.85

Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс тұрғындарымен кездесті

25.06.2019, 03:11 259

Түркістан облысына арнайы барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Қала қалпына келтіріледі, бәрі дұрыс болады. Бұл төтенше жағдай, апат. Қайтеміз, кейбір уақытта солай болады. Үкімет ақша, қаражат береді, көмектеседі, алаңдамаңыздар!. Бәрі жақсы болады. Жөндеу жұмыстарын жасап береміз. Үкімет қанша қаражат керек екенін санайды. Содан кейін қаражат бөлеміз. Бәрін түсініп отырмын, бәрі жақсы болады. Әдейі келіп отырмын», - деді Мемлекет басшысы тұрғындармен кездесуі барысында.

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақшасында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың Президентке Арыстағы жағдайды баяндап тұрған сәтінен суреттер жариялады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу