Риддер қаласының суға кеткен тұрғыны екі күннен бері іздестіріліп жатыр
![](/kz/uploads/posts/iblock/f42/f421450660e94ad43407544fe69dd25d.jpg)
Риддер қаласының суға кеткен тұрғыны екі күннен бері іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
24 сәуір күні екі азамат Үлбі өзеніне резеңке қайықпен шыққан. Тау өзіне қайықты аударып, екі жолаушыны ағызып әкеткен көрінеді. Біреуі жағаға шыға алған. Екінші азаматты құтқарушылар іздестіріп жатыр.
– 25 сәуірде Риддер қаласының мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі мен волонтерлер өзен жағасында іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады. Әзірше нәтиже жоқ – деп мәлімдеді Риддердегі ТЖБ бастығы Евгений Тарасов.
Оқи отырыңыз