Кім кінәлі? Жолаушылар автобусы және жеңіл көлік
Өскемендегі Аблакетка кентінде жолаушылар автобусы жеңіл автокөлікке соғылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Куәгерлердің айтуынша, «Мешіт» аялдамасының тұсында Лексус автомобилін тізгіндеген жүргізуші Казцинк жұмысшыларын тасымалдайтын автобуспен соқтығысып қалған.
«Екі көлік те айтарлықтай бүлінген. Абырой болғанда адам шығыны және зардап шеккендер жоқ.
Қазыр оқиғаға себеп болған жағдайлар сараланып, жол оқиғасына кінәлілер анықталу үстінде.
Оқи отырыңыз