KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
510.49 527.29 5.27

"Карантин ашылды". Өскемендегі бірінші науқас жатқан стационар

17.04.2020, 04:29 63

 

Өскеменде коронавирус анықталған бірінші науқас жатқан стационардағы карантин ашылды. Бүгін Серікбаев көшесіндегі аталмыш ғимараттың жабылғанына 14 күн болды.

Науқастан вирус белгісі 3 сәуір күні табылған. Оны сол сәтте инфекция бөліміне эвакуациялап, стационарды ішіндегі бар адамымен жапқан.

– Карантин кезінде іштегі дәрігер, санитар және медбикелер бізге жақсы қарады. Ғимарат ішін де жиі жуып, дезинфекциялап отырды. Біз екі рет коронавирус анализін тапсырдық. Біріншісінде ешкімнен вирус табылмады. Екіншісінің нәтижесін күтіп отырмыз, – деді карантин қойылғандықтан 14 күн стационарда жатуға мәжбүр болған емделушілердің бірі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу