KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность жел 2 м/с, В
488.11 530.09 5.01

Өскемен әкімдігі трамвай рельсін жөндеуге кірісті

13.04.2020, 05:22 136

Өскемен әкімдігі трамвай рельсін жөндеуге кірісті. Тррамвай тағаны 56 жылдан бері күрделі жөндеуден өтпеген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жөндеу жұмыстарына 200 миллион теңге бөлінді. Аймақ басшысы Даниал Ахметов Абай және Шәкәрім даңғылдарында жүріп жатқан жұмыс барысын бақылап көрді. Мердігердің айтуынша, шпалдар мен рельстер жаңартылады. Сондай-ақ 10 бағыттаушы бұрма мен екінші жолға өтетін тетіктерді ауыстыру қажет.  Облыс әкімінің айтуынша, трамвай паркі мемлекеттік меншікке өткеннен кейін барлық трамвайлар мен рельстердің жағдайына терең талдау жүргізілген. Сонымен бірге қала әкімдігі трамвай маршруттарының санын 5-тен 17-ге дейін көбейтті.

– Қазір, шектеу шаралары кезінде, көшелерді ретке келтіріп алудың тамаша мүмкіндік туып тұр. Әсіресе демалыс күндері автокөліктер саны 70 пайызға дейін төмендейтіні белгілі. Сондай-ақ облыс орталығында жасалып жатқан жұмыстар Семей қаласында да жүзеге асады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес біздің облысқа 75 миллиард теңге бөлінді. Бұл қаражат бірінші кезекте әлеуметтік, денсаулық сақтау, білім беру нысандарының сапасын жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға жұмсалады, – деді Даниал Ахметов.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив