"Оқтан да ауыр". Вирус жұқтырған америкалық медбикенің айтқаны
Теннеси штатындағы (Америка) оңалту орталығының COVID-19 инфекциясын жұқтырған қызметкері өзінің жағдайы туралы айтып берді.
Медбике Шарека Уиллемс (Shareka Williams) фейсбук парақшасында жариялаған видеосында тыныс алудың өзі ауыр екенін айтады.
«Қимылдау, тамақ ішу өте қиын. Әрине, мен бұрын-соңды оқ тиіп жараланған емеспін, алайда COVID-19 одан да ауыр секілді. Бұл індет – ешқандай да ойдан шығарылған дүние емес. Өз басыңызға, туыстарыңызға келгенше күтіп жүрмей, ертерек сақтаныңыздар», – дейді Шарека Уиллемс.
Оның видеосын 80 мыңнан астам адам көріп, астына мыңнан астам желі қолданушысы пікір жазған.
Оқи отырыңыз