KZ
Өскемен
-27°
плотный туман жел 1 м/с, С
520.27 537.65 5.24

Испанияда бір түнде коронавирус жұқтырған 738 адам көз жұмды

26.03.2020, 09:31 113

Испанияда өткен түні коронавирус жұқтырған 738 адам қайтыс болды. Елде барлығы 3434 адам көз жұмды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Коронавирус індетін қайтыс болғандардың саны бойынша еуропа құрлығында Испания Италиядан кейін екінші орында тұр. 25 наурыздағы ресми мәлімет бойынша, Испанияда 48 мыңға жуық адам COVID-19 жұқтырған және өткен түнде 738 науқас көз жұмған. 

Сондай-ақ, 25 наурыз күні Италияда да 683 адам қайтыс болған. Елде коронавирус індетінен көз жұмғандардың жалпы саны 7503 жетті және 5210 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталып отыр. 

Испания парламенті үкіметтің жоғары дайындық режимін тағы 15 күнге, яғни 11 сәуірге дейін ұзарту туралы ұсынысын қолдады. Ел билігі 14 наурызда 15 күнге төтенше жағдай жариялаған болатын. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу