ШҚО әкімі самарлық тұрғындармен Президенттің Жолдауын талқылады

ШҚО әкімі жұмыс сапарымен Самар ауданына барып, тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Халықпен кездесуде Президенттің Жолдауы, кезектен тыс сайлау және Конституциядағы негізгі өзгерістер талқыланды.
- Өткен жылы Миролюбов ауылдық округінде тұрғындар әкімді өздері таңдағанын атап өтемін. Өз аудандық газетінің қажеттілігі туралы мәселе көтерілді, тұрғындарға бұл өте қажет. Шешім қабылданып, 1 қаңтардан бастап газет шығады. Сондай-ақ, жол жөнделіп, ауылда жарықтандыру жүргізіледі, жобасы дайын. Мұғалімдердің өтініші бойынша Қаракөл ауылының мектебіне лингафон кабинетін қоямыз, -деп атап өтті Даниал Ахметов.
Сондай-ақ аймақ басшысы кондитерлік сала үшін күнбағыс өсірілетін "ЛИК" шаруа қожалығының жұмысы өте жақсы екенін атап өтті. Мұнда топырақты қалпына келтірудің және егінді көбейтудің озық технологиялары қолданылады.