Семейде тағы да өрт шықты
Семейде тағы да өрт шықты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті.
4 ақпан күні сағат 22:00 шамасында Семейдегі жер үйлердің бірі отқа оранды. Моншасы мен гаражы жанып кеткен үйдің жалынын ауыздықтау үшін екі арнайы техника мен 8 адам жұмылдырылды. Өрттің жалпы ауданы - 80 шаршы метр. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Әзірше оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Оқи отырыңыз