Өскеменде шайдың бағасы 7%-ға өсті
Өскеменде шайдың бағасы бір жыл ішінде 7%-ға өскен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Energyprom аналитиктерінің зерттеуіне қарағанда республика бойынша шай Қарағанды, Алматы мен Қостанайда қымбат. Оралда, Көкшетауда және Ақтөбеде арзан. Өскемен қаласы бұл рейтингінің 10-ыншы сатысында. Семей 9-ыншы. Дегенмен салыстырмалы түрде, облыс орталығында шайдың бағасы айтарлықтай өскен. Мысалы өткен жылы шай келісі 2867 теңгемен саудаланса, 2019 жылдың желтоқсанында 3061 теңге болды. Яғни 6,8%-ға қымбаттаған.
Агенттік мамандарының мәліметінше, 2019 жылдың 12 айында елімізде 15,6 мың тонна шай мен кофе өндірілген. Бұл 2018 жылғы өндірістен 7,9% аз. Шай мен кофе өндірісі жыл сайын осылай азайып келеді.