Жол жүру ақысы 140 теңгеге қымбаттай ма? - Семей
Иә, электронды билеттендіру жүйесі орнатылғалы бір апта да болған жоқ. Алайда қала тұрғындарын мазалаған сұрақтар көп. Соның бірі №35 автобустың есігіне ілінген мына бір хабарландыру:
Хабарландыруда 10 қаңтардан бастап, жол жүру билеті 140 теңгеге қымбаттайды делінген. Жол жүру картасын алмаған семейліктерді уайымға салған ақпарат қаншалықты рас? Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Серікқали Жұманов айтып берді.
- Бұл жалған ақпаратты кім және қашан таратқанын білмеймін. Бірақ жол жүру билетінің 140 теңгеге қымбаттайды дегені өтірік. Әрине, электронды билеттендіру жүйесіне ауысқандықтан, жақын арада біраз өзгерістер болуы мүмкін. Қабылданған шешім заңды күшіне енгенде, біз хабарлап айтамыз, - дейді бөлім басшысы.