KZ
Өскемен
-23°
пасмурно жел 1 м/с, С
522.42 543.89 5.28

Ұшақ апаты құрбандарын еске алу үшін қойылған гүл шоқтарын кім алып кетпек болды?

29.12.2019, 05:13 200

Алматыда белгісіз бір ер азамат ұшақ апатынан қаза тапқандарды еске алу үшін қойылған гүл шоқтарын алып кетпек болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Tengrinews.kz жазды. Көпшілікке белгілі, 27 желтоқсан күні Bek Air ұшағы апатқа ұшырап, 12 адам  опат болды. Қаза тапқандарды еске елу үшін Алматыдағы әуежайдың алдына гүл шоқтары қойылған. Бүгін әлдебір азамат гүл шоқтарын алып кетпек болған. Дереккөздің мәліметінше, сол уақытта ғимарат маңында  Вячеслав Батурин есімді фотограф жүрген екен. Ол болған оқиғаны суретке түсіріп, кейін әлеуметтік желілерде әңгімелеп жазған.

Алматылық фотографтың айтуынша, бастапқыда не болып жатқанына түсіне алмаған. Кейін бейтаныс адамның  қаза тапқандарды еске алу үшін емес, гүлдерді алып кеткісі келген аңғарған көрінеді. Десе де, белгісіз азаматтың белгісіз ойы іске аспаған. Батурин оны қуып жеткен екен.

"Гүлдерді алып бара жатты. Артынан қуып жетуіме тура келді ... бәлкім, бекер шығар (...)", - деп жазды Вячеслав.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу