KZ
Өскемен
-7°
небольшой снег жел 6 м/с, ОШ
518.14 537.57 5.27

Өскеменнің іргесінде қар қалашығы ашылды (ВИДЕО)

21.12.2019, 15:37 128

Өскеменнің іргесіндегі Ахмер ауылында Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтің атын алған #27943 әскери бөлімінің қолдауымен қар қалашығы ашылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Мерекелік шара "Ертегілер әлемі" деп аталды. Аяз Ата мен Ақшақар және көптеген ертегі мен мултьфильм кейіпкерлері іс-шараға келген балақайларды қойылымға қатыстырды.
Айта кетейік, шараға 500-дей балақай мен әскери отбасылар келді. Олар әртүрлі ойын мен би жарысына қатысып, бағалы сыйлықтар ұтып алды. Бұдан бөлек қалашықты қонақтарға арналып жылы шатыр тігіліп, ыстық шәй ұсынылды. 

- Жаңа жылдық қалашыққа мың шаршыметрден астам қар әкелінді. Әскери бөлімнің командирі Ержан Сайранұлы Мейірмановтың қолдауымен ашылған қалашыққа шеберлер қолдан келген бар өнерін салды. Осы ауылдың тұрғындары, әсіресе балақайларға қуаныш сыйлағанымызға өзіміз де марқайып қалдық, - деді бөлім командирінің орынбасары Абзал Қуанышұлы Таждинов.

- Мұндай керемет қалашық салған, ашылуында әдемі концерт ұйымдастырған әскери бөлімге алғысымыз зор! Біз өте қуаныштымыз, - деді іс-шараға бала-шағасын алып келген қонақтардың бірі.

Мерекелік шара фейерверкпен түйінделді.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу