KZ
Өскемен
-3°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, В
478.54 533.76 5.17

Даниал Ахметов көпбалалы кәсіпкер әйелдерге смартфон сыйлады

20.12.2019, 08:24 221

 

Облыс әкімі Даниал Ахметов көпбалалы кәсіпкер әйелдерге жаңа жылға қарсы ұялы телефон тарту етті, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

Бүгін облыс әкімдігінде Даниал Ахметов көпбалалы кәсіпкер әйелдермен кездесті. Кәсіпкер әйелдер өздерінің ашқан кәсіптері жайында айтып берді.

– Қазіргі уақытта көпбалалы отбасынан шыққан балалар балабақшаға тегін барады, колледжде тегін оқиды. Оған қоса университеттерге де арнайы грант бөлдік. Енді бұдан артық не керек? Арнайы бағдарлама арқылы несие, грант алып, кәсіп бастаңыздар. Бірлесіп жұмыс істейік. Қандай көмек болса да, қолдаймыз, – деген Даниал Ахметов жиынға қатысқан көпбалалы кәсіпкер әйелдерді жаңа жылымен құттықтап, оларға смартфон мен гүл шоғын сыйлады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив