"Қылмыстық оқиғаларға байланысты". Аягөздің шамдары таңға дейін жанып тұрады
Аягөз қаласында қылмыстық оқиғалар көптеп тіркелген көшелерге бейнекамералар орнатылды.
«Биыл Полиция бөлімі басшылығымен бірлесе отырып, қылмыстық оқиға көп тіркелген көшелерді анықтап, оларға 40-тан астам бейнекамера орнатқанбыз. Бұл іске жергілікті бюджеттен қаражат бөлдік. Сондай-ақ көше шамдарын да таң атқанша жанып тұратын қылдық. Осыдан кейін-ақ қалада қылмыстық оқиғаның азайғаны байқалды», – деді аудан әкімі Ділдабек Оразбаев Семейде өткен баспасөз жиынында.
Айтуынша, ауданда бақылау камераларының саны 2020 жылы да артады. Жаңа жылдың жоспарында темір жол қатынасы бар Ақтоғай ауылына 15-20 камера орнату жоспарланған.