KZ
Өскемен
-7°
переменная облачность жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

90-нан астам адам онкологияға тексерілді

Бүгін, 11:00 31 Төлеуғазы Жансая

Онкологиялық орталықта өткен ашық есік күнінде 90-нан астам адам өкпенің, қуық асты безінің және ұйқы безінің қатерлі ісіктеріне тегін тексерілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында өкпенің, қуық асты безінің және ұйқы безінің қатерлі ісіктерін ерте диагностикалауға және алдын алуға арналған ашық есік күні өтті. Облыс тұрғындары дәрігердің жолдамасынсыз және МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан жоғары білікті мамандардан кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Дәрігерлер пациенттерді көрсетілімдерге сәйкес өкпенің ультра дыбыстық зерттеуіне немесе төмен дозалы компьютерлік томографиясына жіберді. Бір күнде орталықтың онкологтары 95 адамды қабылдады.
Ашық есік күндері онкологиялық орталықта, сондай-ақ МСАК ұйымдарында сенбі күндері өтеді, сондықтан облыс тұрғындары демалыс күндерінде дәрігерге баруға мүмкіндік алды.
-Мұндай іс-шаралар онкология төңірегіндегі қорқыныш пен стереотиптерді жоюға көмектеседі, сондай-ақ ауруларды, оның ішінде қатерлі ісікке дейінгі ауруларды ерте анықтауға ықпал етеді, халықты сауықтыруға және болашақта қатерлі ісік қаупін едәуір төмендетуге мүмкіндік береді,-деп атап өтті ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығының салауатты өмір салтын үйлестірушісі, дәрігер-реабилитолог Ирина Лавриненко.

Айна Ескенқызы
Фото: Онкология орталығының баспасөз қызметі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу