"Аягөз бен Зайсан арасын тасжолмен жалғаймыз" – Даниал Ахметов
Үш жыл бұрын басталған «Ақжар – Аягөз» тас жолының жөндеу жұмысы аяқталатын болды. Бұл туралы облыс әкімдігінің отырысында Даниал Ахметов айтты.
– Үш жыл бұрын Ақжар мен Аягөз арасындағы жолдың 77 шақырымын жөндедік. Енді 72 шақырым бар. Бұл республикалық маңыздағы жол болса да, жергілікті бюджеттен қаржы бөлгеніміз жөн. Сонда Аягөз бен Зайсан арасын тасжолмен жалғаймыз. Бұл – үлкен шаруа, 2021 жылға қарай аяқтауымыз керек. Осы аралықта көлік қатынасы көп, – деді Даниал Ахметов.
Оқи отырыңыз