ШҚО шекаралық аудандар мәселесі: Жаңадан аудан ашпаймыз - Даниал Ахметов
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында облыс әкімі Даниал Ахметовтың баспасөз мәслихаты өтті. Жиынның тақырыбы – Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
Журналист сұрағы: «Облыс әкіміне Ақжар, Марқакөл, Мақаншы сынды өңірлердің тұрғындары бұрынғы аудандар қайта құрыла ма деген сауал жолдаған екен. Сіз бұған қалай жауап бердіңіз?»
Даниал Ахметов жауабы:
«Маған Марқакөлдің ақсақалдары келді. 45 адамның қатысуымен жиналыс өткіздік. Олар дәл сіз айтқан сұрақты қойды. Бірақ біз бірде-бір ауданды жаңадан ашпаймыз. Неге десеңіз, тек қана жаңа қызметкерлер мен олардың үй мәселесін шешуге 9 миллиард теңге кетеді екен. Шенеуніктердің көбейгені халыққа керек пе осы? Меніңше, оданда арнайы бағдарлама шығарып, аудандарда әлеуметтік жұмыстарды көбейтіп, басқа да керекті дүниелерге қаржы бөлгеніміз дұрыс. Мұнымен кездесуге келген ақсақалдар келісті».