KZ
Өскемен
-12°
туман жел 2 м/с, СШ
495.28 518.41 5.44

Өскеменде бір айда 600-дей "бомж" жылы жайға жеткізілді

4.12.2019, 08:03 160

Өскеменде суық түскелі бері 570 «бомж» қабылдау-тарату бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

«Қабылдау-тарату бөліміне тұрағы жоқ жандардың әрқайсысы бір емес, бірнеше мәрте жеткізіледі. Олар жылы жерде ес жиғаннан кейін қайтадан еркіне жіберіледі. Ұстап тұруға негіз жоқ. Қарашада жеткізілген 570 адамның 145-і «Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру» орталығына жөнелтілді», – делінген департамент ақпаратында.

Сондай-ақ қыс түсуіне байланысты Полиция басқармасының қабылдау-тарату бөлімі күшейтілген жұмыс режиміне кіріскені жазылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу