Өскемен тұрғыны баласының тісін емдетуге көмек сұрайды
Алты жастағы Даниярдың диагнозы «Аутизм». Оны қазіргі уақытта тіс ауруы мазалап жүр. Бірақ ерекше баланы емдеуге кез келген тіс емханасы келіспейді, деп хабарлайды ustinka.kz сайты.
– Баламның төрт тісінің ұлпасы қабынған, яғни пульпит. Бірнеше тісін жұлып, бірнешеуіне пломба салғызу керек. Оны қазіргі уақытта тек «Кеторол» егіп қана тыныштандырып отырмыз, – дейді баланың анасы Меруерт Искакова.
Оның айтуынша, Данияр ерекше бала болғандықтан кез келген емхана емдеуге келісе бермейді. Өскеменде бір ғана емхана келісіп отыр. Емдеу үшін 250 мың теңге керегін айтқан. Бірақ кішкене екі баланы бағып отырған Меруерт Искакова мұндай ақшасының жоғын айтып, әлеуметтік желі арқылы бірнеше рет көмек сұраған. Келісім бойынша, емдеу уақыты 1 желтоқсан екен.
– Даниярдың біраз тісін осы жазда да емдеткенмін. Сол кезде алған қарызды әлі төлеп жүрмін, – дейді Меруерт Искакова.
Айта кету керек, бала орындыққа отыра алмайды, аузын да аша алмайды. Наркоз беріп қана тісін емдейді.
Қазір біраз адам Меруерт Искакованың картасына ақша аударыпты. Айтуынша, әлі 225 мың теңге қажет.
Kaspi GOLD: 5169 4971 1235 7862
ЖСН: 900 307 400 668.
Байланыс телефоны: 8-708-103-16-75.