Жарма ауданында бес тұрғын үй қолданысқа беріледі
Қалбатау ауылында жеке кәсіпкер «Исабаева Д» екі пәтерлі бес тұрғын үй салып жатыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы Жарма ауданының әкімі Ахметқали Нұрғожин әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.
Баспаналардың құрылысы серіктестік бойынша мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асырылуда. Тұрғын үйлер алдағы жылы желтоқсан айында қолданысқа беріледі деп жоспарланған.
Аталмыш бастама аудандағы тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында қолға алынғанын айта кеткен жөн.
- Бұл өңірде өзекті болып тұрған тұрғын үй мәселесін шешу жолындағы бастамалы істердің бірі. Әлеуметтік мәнге ие нысан құрылысы барысымен танысып, құрылыс сапасына ерекше көңіл бөлдім. Негізгі жұмыстар толықтай аяқталған. Жұмыс сапасы да көңілге қонымды. Мердігер өкілі межелі уақытта барлық тұрғын үйлер қолданысқа берілетіндігін жеткізді, - дейді аудан басшысы.