Өскемендік ана бір жыл бойы әлеуметтік аударымдарын ала алмай келген
Өскемен тұрғыны Динара Ерғазина босанғаннан бері бір жыл бойы әлеуметтік аударымдарын ала алмай келеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Міне, балам алдымда отыр. Бір жасқа толып қойды. Ал декреттік төлемдерімді әлі ала алмай келемін, – деп айтты Динара облыс әкімі Даниал Ахметовке.
– Мен сіздің мәселеңізбен алдын-ала таныстым. Міне, басқарма басшылары отыр, тапсырма бердім. Жуық арада қаражатыңызды қолға аласыз, – деді Д.Ахметов.
Айта кетейік, бүгін облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Оқи отырыңыз