KZ
Өскемен
-13°
плотный туман Штиль
498.51 522.84 4.81

Өскеменде жалғыз басты ана 13 мың теңгеге күн көріп отыр

18.02.2020, 08:34 177

Өскеменде жалғызбасты ана 13 мың теңгеге күн көріп отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бір өзі жұмыс істеп, бала тәрбиелеп отырған ана облыс әкімінің жеке қабылдауында болды.

– Айлығым 88 мың теңге. Пәтердің жалақысы – 60 мың. Балам балабақшаға барады. Оған ай сайын 15 теңге төлеуге тура келеді. Тұрғын үй кезегінде тұрмын. Тезірек баспаналы болуыма көмектессеңіздер, – деп өтініш білдірді Сәуле Райымбекова.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов тұрғын үй кезегін жылжыту заңға томпақ келетінін айтты. Алайда жалғызбасты ананың жағдайын ескере отырып қала әкіміне тапсырма берді:

– Жақсылық, бұл кісінің жағдайы шынымен қиын екен. Қалай қол ұшын береміз? Меніңше, арнайы көмек тағайындау керек, – деді Даниал Кенжетайұлы.

– Арнайы көмекті міндетті түрде береміз. Баспана мәселесіне келетін болсақ, қала көлемінде құрылыс жұмысы қарқын алып келеді. Өткен жылы тұрғындарға 1911 пәтердің кілтін табыстадық. Сәуле ханым 2160-кезекте тұр. Яғни 3 жылға жуық уақытта тұрғын үйге қол жеткізе алады. Дегенмен азаматша мемлекеттік қызметте істейді екен. Сол тұрғыда баспана алу мүмкіндіктерін қарастырып көрейік, – деді қала әкімі Жақсылық Омар.

Айта кетейік, бүгін Д.Ахметов жеке мәселелерін айта келген облыс тұрғындарын қабылдады.    

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу