KZ
Өскемен
+2°
пасмурно Штиль
488.91 532.62 5

200 гектар жер керек. Зайсанға апорт алма өсіріледі

18.02.2020, 09:41 217

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында апорт алмасы өсіріледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бағбандық кәсіпті қолға алған Дәулеткелді Сәкібаев есімді аудан тұрғыны апорт егіуді жоспарлап отыр. Алматылық алма алдағы он жыл ішінде жеміс береді дейді. Айтуынша, аудан әкімі Серік Ақтанов қолдау білдіріп, 10 гектар жер бөліп берген көрінеді.

Шаруашылық көлемін ұлғайтуды ойлаған кәсіпкер облыс әкімінің жеке қабылдауында болып, өтінішін айтты.

– Енді 200 гектар жер берілсе. Алдын ала зерттеп көрдік. Еңбегіміз өз жемісін береді, – деді ол.

Дәулеткелді Ташкенұлының еңбекқорлығын жоғары бағалаған аймақ басшысы аудан әкіміне тапсырма берді.

– Серік (Ақтанов), ерінбей еңбек етуге дайын адамға қашан да қолдау білдіру керек. Шаруаның жай-күйін зерттеп көр. Істің өнімділігіне көз жеткізген соң, қажет жерді бөліп бер, – деді Даниал Ахметов.

Айта кетейік, бүгін Даниал Ахметов жеке мәселелерін айта келген облыс тұрғындарын қабылдады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив