KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
440.9 475.95 4.82

«Вена балына» екі жүзге жуық студент қатысты - Семей

19.11.2019, 05:36 158

Семейде дәстүрлі «Вена балы» өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Аталмыш шараны қалалық «ішкі саясат бөлімі» ММ, жастар ресурстық орталығы және «Қазақстан студенттер Альянсы» ұйымдастырып отыр. Балға қала әкімінің орынбасары Айдар Серікқазыұлы мен Қазақстан студенттер Альянсының Президенті Ілияс Түстікбаев келді. Осымен оныншы жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан байқауға шаһардағы бірқатар оқу орындарынан 200-ге жуық студент қатысқан.  Кеш қорытындысы бойынша бас жүлдені Шәкәрім университетінің «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» факультеті иеленді. Ал екінші орын «Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң» университетінің студенттеріне бұйырды. Жүлделі үшінші орынға «Семей медицина университетінің» жастары табан тіреді.  Әуезді кештің соңы жастардың би кешімен жалғасын тапты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив