KZ
Өскемен
+24°
ясно жел 4 м/с, ОШ
440.92 475.36 4.82

Семей қаласында қайырымдылық Вена балы өтті (+сурет)

7.05.2013, 18:00 118


Семей қаласында осымен 4-ші рет қатарынан қайырымдылық Вена балы өтті , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Аталған іс-шараны ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы, «Қазақстан студенттер Альянсы», «Салауат» Шығыс Қазақстан облыстық жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Семей қаласында қайырымдылық Вена балы өтті (+сурет)Жиналған қатысушылар мен көрермендерді құттықтауға келген қала әкімінің орынбасары З.Р. Исабаева және «Қазақстан студенттер Альянсы» ШҚО бойынша өкілдігінің көшбасшысы Мұстафа Қожамсейіт салтанатты шара үстінде №8 балалар үйіне тоңазытқыш табыс етті.

Семей қаласында қайырымдылық Вена балы өтті (+сурет)Вена балының құрметті қонағы ретінде шақырылған «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары полковник Самат Төлепбаев, №8 балалар үйінің директоры Сержан Оқасов та өз лебіздері мен құттықтауларын білдірді.

Семей қаласында қайырымдылық Вена балы өтті (+сурет)Қаланың жоғарғы және орта оқу орындарынан балға қатысқан 300 жұп 10 мыңнан астам адамның алдында би биледі. Ханзадалар мен ханшайымдардың кейпіне енген студенттер «ақсүйектер биін» асқан шеберлікпен орындады. Әдемілік пен әдептілікті әспеттеген бозбалалар мен бойжеткендер бір-бірін бимен баурап, аялады.

Семей қаласында қайырымдылық Вена балы өтті (+сурет)
Семей қаласында қайырымдылық Вена балы өтті (+сурет)
Семей қаласында қайырымдылық Вена балы өтті (+сурет)

Жігіттің қызға деген құштарлығы мен қыздың жігітке деген іңкәрлігін қимыл-қозғалыспен біте қайнастырған кеш жиналған жұртқа рухани ләззат сыйлады.Вена балы қала көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив