KZ
Өскемен
+19°
пасмурно жел 11 м/с, З
475.18 510.72 5.47

92 мың теңгеге түскі ас ішіп алып қашып кеткен жігіт - Өскемен

5.11.2019, 09:27 100

Өскемендегі мейрамханалардың бірінде 92 мың теңгенің түскі асын ішкен жігіт ақшасын төлемей қашып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше Өскемен қалалық Полиция департаментінің Ертіс полиция бөліміне 28 жастағы мейрамхана әкімшісі шағымданған.

«Қаладағы мейрамханалардың біріндегі әкімші 12 қазан күні түскі ас ішіп, ақшасын төлемей кеткен қонаққа қатысты шара қолдануымызды сұрады. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полиция 26 жастағы жігітті ұстады. Ол кінәсін толық мойындады», - делінген ШҚО Полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

Қазіргі уақытта Өскемен үстінен ҚР ҚК-нің 195-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.



Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив