ШҚО-да балабақшалар жеке меншікке заңсыз беріліп жатыр
Облыстық прокуратура Семейдегі мемлекеттік балабақшалардың жекеге берілуінің заңсыздығын анықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі yk-news.kz сайтына сілтеме беріп.
Қалада төрт балабақша жеке меншіккке берілетінін естіген ата-аналар наразылық танытып, екі мыңдай қала тұрғыны ұжым болып прокуратураға шағым түсірген.
«Қадағалаушы мекеме істі тексеру барысында қалалық әкімдіктің бірнеше заңға қайшы әрекетін анықтады. Өз қызметін жақсы атқарып келе жатқан бұл балабақшалар жеке меншікке берілмеуге тиіс. Келісімшарт экономикалық негізсіз жасалған, сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік серіктестік туралы заңнамаға сай емес» делінген прокуратураның ақпаратында.
Тексеруден кейін қалалық комиссияның балабақшаны жекеге беру туралы шешімі өзгертілді.
Айта кетейік, Өскеменде де бірнеше балабақша жеке меншікке берілмек.