Семейде жол жүру ережесі төрт күн ішінде 627 рет бұзылды
Семейде төрт күн ішінде жол жүру ережесі 627 рет бұзылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы Семей Полиция басқармасы мәлім етті.
Қазан айының 21-27 аралығында қалада «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді. Тексеру барысында семейліктер төрт күнде жол жүру ережесін 627 рет бұзған. Мәселен, жол қозғалысы кезінде ұялы телефонды қолдану – 37, қауіпсіздік белдігін тақпау – 50, бағдаршамға бағындау – 5, жаяу жүргіншілерге жол бермеу – 78, мас күйінде көлік тізгіндеген - 8 оқиға тіркелген.
Оқи отырыңыз