KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 1,6 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Ипотеканың алғашқы жарнасын жинау үшін қанша уақыт қажет?

23.10.2019, 09:25 122

Ипотека алу үшін алғашқы жарна жинауға қанша уақыт қажет? 2019 жылдың 1-тоқсанында еліміздің барлық өңірінде орташа жалақы тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құнынан төмен болған, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі іnbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Әдетте, ипотека алу үшін тұрғын үй құнының кем дегенде 20%-ын алғашқы жарна ретінде банкке беру керек. Мысалы, бастапқы нарықта аумағы 40 шаршы метр бір бөлмелі пәтер 10 000 000 теңге тұрады делік. Осындай пәтерді сатып алу үшін банкке бастапқы төлем ретінде 2 000 000 теңге беруіңіз қажет.

Ай сайын депозитке 30 мың теңгеден салып отырсаңыз, бұл соманы жинауға шамамен бес жыл алты ай уақытыңыз кетеді. Егер 50 мыңнан жинасаңыз, үш жылдан сәл астам уақыт ішінде қажет соманы қолыңызға аласыз, ал 100 мыңнан жинау мүмкіндігіңіз болса, бір жарым жылда алғашқы жарнаңыз дайын болады.

Krisha.kz және ҚР ҰЭМ статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 2019 жылдың 1-тоқсанында еліміздің барлық өңірінде орташа жалақы тұрғын үйдің бір шаршы метрінің құнынан төмен болған. Тек Атырау мен Ақтауда ғана жалақы жоғарырақ.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив