KZ
Өскемен
-12°
туман Штиль
498.34 519.72 4.85

ШҚО-дағы нашар көретін балаларға арналған жалғыз мектепке 40 жыл!

22.10.2019, 10:54 138

Семейдегі нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернатқа 40 жыл толды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Көзінің көруі нашар балаларға арналған облыстағы жалғыз білім ошағының іргетасы 1979 жылы қаланған. Бұл мектепте қазақ сыныптары 2001 жылдан бері ашыла бастаған. Қазір мұнда көруі әртүрлі деңгейдегі 150 бала оқиды. Ортопедия, физиология бөлмелерінде оқытумен қатар емдік шаралары жүргізіліп отырады. Ғимаратта бұл кабинеттерден бөлек 10 жатын бөлмесі, психолог кабинеті, емдік денетәрбиесі, медицина, жаңа техникалармен жабдықталған кір жуу бөлмесі, асхана, кітапхана, акт залдары бар.

– Оқытушыларымыз баланы оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері мен формалары бойынша ұдайы ізденіс үстінде жүреді. Әсіресе, тифлопедагогика саласы жақсы дамыған елдердің тәжірибесіне көп зер саламыз. Оқытушыларымыз Түркиядан деңгейлік курстан өтіп келген, – дейді мекеменің директоры Әкрам Қалиғожин.

Мектептің 40 жылдығына орай ұйымдастырылған семинарға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан мамандар келіп қатысты.

– Біздің балалар білімге де, өнерге де мықты. Республикалық, халықаралық түрлі одаларда топ жарып жүр. Мәселен, 2013 жылы Варшавада өткен интелектуалды олимпиадада командалық есеп бойынша 3-орын иеленді. Қазір бізде домбыра, сурет, ән, тоғызқұмалақ, шахмат, дойбы, үстел теннисі сынды көптеген үйірме жұмыс істейді, – дейді мекеменің директоры Әкрам Қалиғожин.

Мектептің өнерпаздары жиналған жұртшылыққа концерттік бағдарлама арнады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу