Семейдегі ерекше мектеп шағын автобусқа ие болды
Биыл Семейдегі №3 нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернат 40 жылдығын атап өтті. Айтулы дата қарсаңында білім ошағына шағын автобус сыйға тартылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Іс-шара барысында Абай атындағы драма театрының сахнасында республикалық семинар өтті. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан тәжірибелі мамандар келіп қатысты. Жиында мектептің ұстаздары облыс әкімдігі атынан марапат қағаздарға ие болды.
Ұстаздар мен оқушыларды құттықтаған білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Байжанова облыс әкімдігі атынан мектеп-интернатқа сужаңа шағын автобустың кілтін табыстады.
Айта кетейік, бұл – облыс бойынша нашар көретін балаларға арналған жалғыз мектеп-интернат.