ШҚО-да қар жауып қалды
Риддер қаласында жауған жаңбырдың соңы қарға ұласты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Алайда қар Риддердің тек таулы аймағында ғана жауған көрінеді.
Бұл туралы инстаграмдағы ridder_live парақшасында жарияланды.
Нақтырақ айтқанда, кеше «Ridder Hutte» базасында қарлы боран соғып, қыс мезгілінің лебі сезілген екен. Аталмыш база риддер тауларында жер бетінен 1800 метр биіктікте орналасқан. Мұнда қар бірінші түсіп, көктемде ұзақ ерімей жататыны белгілі.
Оқи отырыңыз