Семейде қала әкімінің қоғамдық қабылдауы іске қосылды
Семейде қала әкімінің қоғамдық қабылдауы іске қосылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қоғамдық бөлімге бір апта ішінде 30 хат келіп түскен. Бұл жерде тұрғындар кез-келген мәселе бойынша жүгіне алады.
– Тұрғындар тарапынан түскен өтініштер әкімдіктегі тиісті бөлімдерге жіберіледі. Жауап он күн ішінде беріледі. Бастысы байланыс нөмірін қалдырса болғаны, - дейді қоғамдық қабылдау бөлімінің маманы Дана Сигуатова.
Жақында қалалық әкімдікте фронт-кеңселер ашылады деп жоспарлануда. Фронт-кеңсе таңертеңгі сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істейтін болады.
Қандай да бір сұрақтарыңыз болса,
Instagram: @Qabyldau.akimsemey
Facebook: Сандық қоғамдық қабылдау
Тelegram:87084672511
Тwitter: Сандық қоғамдық қабылдау
WhatsApp: + 7 708 467 25 11 немесе 52-15-15 нөміріне хабарласуларыңызға болады.